410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшалық қор қазақстандық балаларға ноутбуктар мен медициналық бетперде жіберді

  • 186
Польшалық қор қазақстандық балаларға ноутбуктар мен медициналық бетперде жіберді

Польшалық Любомирский князьдарының қоры еліміздегі «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорына көмек көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іске еліміздің Варшавадағы елшілігі мұрындық болған. Бүгін Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінде ноутбуктар мен мыңдаған медициналық бетперде бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға тапсырылды. Аружан Саинның айтуынша, бұл компьютерлер қашықтан оқыту үшін көмекке мұқтаж балаларға таратылады. Сонымен қатар, ноутбуктардың бір бөлігі былтыр Ирактан Қазақстанға жеткізілген жеткіншектерге беріледі.

Ерлан Ысқақов, ҚР сыртқы істер министрлігінің алматыдағы өкілдігінің жетекшісі:

– Балаларды қашықтан оқыту үшін 10 ноутбук және бірнеше рет қолданылатын 3 мың медициналық маска берілді. Бұл көмек польшалық әріптестеріміз Любомирский князьдары қорының арқасында жүзеге асып отыр. Сыртқы істер министрлігі осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы