417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО полицейлері қорғаныш киімдерімен қамтылды

  • 199
  • UPD: 09:21, 24.04.2020
СҚО полицейлері қорғаныш киімдерімен қамтылды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері корғану киімдерімен қамтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі таңда тосқауыл бекеттерінде кезекшілік етіп жүрген тәртіп сақшыларына 350 арнайы костюм берілді. Оларды төтенше жағдай кезінде тігуді әйелдер колониясының жазасын өтеушілері қолға алып отыр. «Көп реттік киімдер санитарлық талаптарға сай әрі ыңғайлы», - дейді құқық қорғау қызметкерлері. Қазір облыс бойынша 250-ден астам полицей күшейтілген режимде жұмыс істейді. Карантин кезінде жеке құрамның қауіпсіздігі де басты назарда. Бұл ретте олар госпитальде тексеріліп, коронавирусқа тест тапсырады. Сонымен қатар 1200 қызметкерге сыйақы тағайындалды.

Қанат Айтбаев, облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Ең бірінші осы блокпосттарда қызмет жасап жатқан қызметкерлерімізге зерттеу өткізілді. Оның саны 350-ден астам. Сондықтан бүгінгі күнде біз айта аламыз, біздің полиция қызметкерлерінің дені сау. Ешқандай ауру жұқтырған фактілер болған емес.

Хабар 24 телеарнасы