428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды тұрғындарына бетперде мен антисептик тегін таратылды

  • 276
  • UPD: 08:30, 24.04.2020
Қарағанды тұрғындарына бетперде мен антисептик тегін таратылды

Қарағандыда жол құрылысы сапасы мен күтімін бақылайтын мекеменің зертхана мамандары антисептик дайындап, бетперде тіге бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, қазір карантинге байланысты негізгі жұмыс тоқтап тұр, ал қалада қорғану заттарына сұраныс жоғары. Сондықтан күнделікті 100-ге жуық маска мен антисептик қала тұрғындарына ғана емес, коммуналдық мекеме жұмысшыларына да тегін үлестіріледі. Қазір қала ішін тазалау, абаттандыру сияқты шаруалар қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ мекеме ұжымы жол құрылысындағыларға да қорғану бұйымдарын тегін үлестіріп жатыр.

Мейіржан Сүлейменов, коммуналдық кәсіпорын қызметкері:

- Талаптардың барлығын сақтап жүрміз. Маска, антисептиктер әрқашан жанымызда жүреді. Жол сапасы мекемесінен келіп міне өздері жасаған маска, антисептиктерін таратуда. Алғасымыз шексіз.

Хабар 24 телеарнасы