420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстаннан Ресейге медициналық маскаларды заңсыз жеткізбек болғандар ұсталды

  • 211
  • UPD: 11:43, 24.04.2020
Қазақстаннан Ресейге медициналық маскаларды заңсыз жеткізбек болғандар ұсталды

Қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері медициналық маскаларды заңсыз тасымалдаудың тағы бір әрекетінің жолын кесті.

21 сәуірде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Қайрақ-авто» шекаларық бақылау бөлімшесінде шекаралық нарядпен бірлесіп, Алматыдан Екатеринбург қаласына жол салған жүк көлігін тексеру барысында 11 500 дана жасырылған медициналық масканы анықтады. Жүк «халық тұтынатын тауарлар» деп белгіленген.

Аталған факті бойынша материалдар Қостанай облысы бойынша МКД 1966 жылғы ҚР азаматын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Тәркіленген медициналық өнімдер Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы