430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қарағайлы ормандағы өртті сөндіруге Ұлттық ұлан сарбаздары аттанды

  • 597
  • UPD: 12:32, 24.04.2020
ШҚО-да қарағайлы ормандағы өртті сөндіруге Ұлттық ұлан сарбаздары аттанды

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы аумағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы өртті ауыздықтауға Ұлттық ұлан сарбаздары аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 08.00-де Ұлттық ұланның «Шығыс өңірлік қолбасшылығына қарасты 68303 әскери бөлімінің механикаландырылған құтқару отряды Бесқарағай ауданына жол тартты. Ұлттық ұланның 70-тен астам құтқарушылары мен 8 арнайы техникасы ТЖД құрамымен бірге Байдәуле орман шаруашылығы ауданындағы өртті сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған», - дейді ҰҰ «Шығыс» ӨҚ баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт шыққаны  туралы хабарладық.

Хабар 24 телеарнасы