430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстіккореялық компаниялардың бірі Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

  • 298
  • UPD: 18:39, 24.04.2020

Оңтүстік Кореялық компаниялардың бірі Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде коронавирусты анықтайтын екі мың тест, екі жарым мың қорғаныш киімі және тест өткізуге арналған 20 мың құты бар. Бұл көмекті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен 2013 жылдан бері елімізде жұмыс істеп келе жатқан дизайнерлік компания жіберген. Ол Ұлттық мұражай және ЭКСПО-2017 көрмесінің павильонын безендіруге де қатысқан. Компанияның 70 қызметкері Пхёнчханда өткен олимпиада ойындарында Қазақстанның көк туын желбіретіп, жанкүйер болған. Елімізге жіберген тестілер Оңтүстік Кореяда шығарылған. Ол адам ағзасындағы коронавирусты 5 сағат ішінде анықтай алады. Сараптама дәлдігі 99 процент.

 

Хабар 24 телеарнасы