429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Осы аптада елордадағы 80 мыңнан астам адам жұмысқа шықты

  • 221
  • UPD: 15:09, 24.04.2020
Осы аптада елордадағы 80 мыңнан астам адам жұмысқа шықты

Кәсіпкерлікті қолдаудың бірінші кезеңі аясында бірқатар саладағы ахуал қайта қалпына келе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 500-ге жуық құрылыс нысаны жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды. Осының өзіне 40 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Бұдан бөлек, көшелерді жөндеу, құрылыс дүкендері және көлік-логистика саласындағы тіршілік те қалпына келді. Бірақ күнделікті тексеріс жүргізіліп, санитарлық талапты бұзғандары жабылады. Бүгінге дейін осындай 15 жағдай анықталған.

Бахтияр мәкен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

- Компания басшылары жұмысты бастамас бұрын арнайы келісімге қол қояды. Ол жерде барлық санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтау жөнінде шарт бар. Талапты бұзған жағдайда нысандар жабылады. Тексеріс жұмыстары күнделікті жүріп жатыр және бүгінге дейін бірқатар нысаннан осындай олқылық табылды.

Хабар 24 телеарнасы