432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан 1200 келі гуманитарлық көмек жеткізілді

  • 415
  • UPD: 15:14, 24.04.2020
Қытайдан 1200 келі гуманитарлық көмек жеткізілді

Бүгін Қытайдан кезекті гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери-әуе күштеріміздің ұшағымен әкелінген жүктің жалпы салмағы бір тоннадан асады. Оның ішінде медициналық бетперде, қолғап пен қорғаныш заттары және термометрлер бар. Гуманитарлық жүк мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға таратылады. Ал осыдан екі апта бұрын елге тәжірибесімен бөлісу үшін келген бір топ қытайлық дәрігер күні кеше әскери ұшақпен Үрімші қаласына оралды.

Айта кеткен жөн, бұл көрші ел тарапынан жасалынған алғашқы жәрдем емес. Мұның алдында аспан асты елінен вирустың бар-жоғын анықтауға арналған тест құралдары, қорғаныш көзілдіріктері мен қажетті медициналық киім-кешек әкелінген еді.

Кирилл Казаков, I санаттағы әскери ұшқыш:

- Қазіргі уақытта гуманитарлық жүк пен сыртта қалып қойған Қазақстан азаматтарын елге жеткізумен айналысамыз. Қытаймен қатар Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь елдеріне ұшқанбыз. Алдағы уақытта Египетке бағыт алып қалуымыз мүмкін. Жұмысымызға адалдық танытып, қауіпсіздік ережесін де естен шығармай келеміз. Отбасымды көрмегеніме 1 айдан асты.

Хабар 24 телеарнасы