476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жыл басынан бері көліктермен 5,3 млн жолаушы, 675,3 млн тонна жүк тасымалданды

  • 660
  • UPD: 15:15, 24.04.2020
Жыл басынан бері көліктермен 5,3 млн жолаушы, 675,3 млн тонна жүк тасымалданды ҚР ИИДМ

Жыл басынан бері автомобиль көлігі саласында республика ішінде 5,3 млн жолаушы, 675,3 млн тонна жүк тасымалданды.

Ал халықаралық қатынаста 2,3 млн тонна жүк тасымалданса, оның ішінде: экспорт – 640 мың тонна, импорт – 1,7 млн тонна болды. Сонымен қатар 380 мың тонна транзиттік жүк тасымалданды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта автомобиль тасымалдары саласында 3,5 мыңдай кәсіпорын жүк тасымалдаумен айналысады. Бір мыңдай кәсіпорын тұрақты автобус тасымалдарын жүзеге асырады. Олардың 17,5 мыңнан астам автокөлігі бар.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әлемде COVID-2019 коронавирустық инфекциясының таралуына және елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты келесі шаралар қабылдады:

- Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиямен 117 тұрақты автобус бағыты тоқтатылды;

- халықаралық тұрақты емес және транзиттік жолаушылар тасымалына тыйым салынады;

- карантин енгізілген өңірлерге/өңірлерден жолаушыларды облысаралық және қалааралық тасымалдау тоқтатылды;

- карантин енгізілген аймақтарда автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтатылды;

- облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктеріне төтенше жағдай режимі кезеңінде өңірлерде автокөлікпен жолаушылар тасымалдауды шектеу бойынша ұсынымдар жолданды;

- шет мемлекеттердің құзыретті көлік органдарына халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдау кезінде санитарлық іс-шараларды сақтау қажеттігі туралы ұсынымдар жіберілді;

- Қытаймен, Ресеймен, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен мемлекеттік шекара арқылы 20 жеке автомобиль өткізу пункті уақытша жабылды.

Ал халықаралық және республикаішілік қатынаста жүк автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауға шектеулер енгізілмегенін айта кету керек.

Қазіргі уақытта бағдарлардың қысқаруына немесе тоқтатылуына байланысты қазақстандық автобус тасымалдаушыларының ахуалына сараптамалық бағалау жүргізіліп, саланы қолдауға қатысты ұсынылатын шаралар қарастырылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы