427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің батысында 57 браконьер ұсталды

  • 407
  • UPD: 17:53, 24.04.2020
Еліміздің батысында 57 браконьер ұсталды ҚР ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметінің Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімшелері заңсыз балық аулауды кәсіп қылған браконьерлердің құқыққа қайшы әрекетінің алдын алу бойынша көлемді операция өткізуде.

2020 жылғы 1-24 сәуір аралығында теңізші-шекарашылар Каспий теңізінің аумақтық суларында 33 шағын жүзу кемелеріндегі 57 құқық бұзушыны ұстады. ҚР ҰҚК мәліметінше, 190 километрден астам браконьерлік торлар, «каллада» тәрізді қармақты торкөздерді тәркіледі.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде 1 239 915 теңге сомасында айыппұл салынды. Барлығы 679 бекіре және 4 235 ерекше асылтұқымды балықтардың түрлері теңізге жіберілді. Мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық шығын келтірудің алдын алды.

Теңіз шекарашыларының операциясы жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы