423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда мемлекеттік сатып алудағы былық әшкереленді

  • 289
  • UPD: 21:18, 24.04.2020
Қарағандыда мемлекеттік сатып алудағы былық әшкереленді

Қарағандылық ұйымдардың мемлекеттік сатып алудағы айласы әшкере болды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Күдіктілер «сатып алудың бірыңғай терезесі» порталында хабарламаны әдейі қате, яғни екі түрлі қаріпте жазып отырған. Мәселен, облыстағы жоғары оқу орындарының бірі 35 млн теңгеге бақылау және басқару құрылғыларын орнату бойынша ашық конкурс жариялайды. Ондағы хабарламаның кей әрпі латын қарпінде жазылса, енді бірі кириллицамен жазылған. Сөйтіп конкурсқа қатысқысы келген адам – іздеу барысында әріптері екі түрлі қаріпте жазылған хабарламаны көрмейді. Ал осы «кодты» алдын ала білген конкурсқа қатысушы әріптердің қайсысы латын, қайсысы кирилл қарпімен жазылғанын түсінген. Сөйтіп тендерді бәсекесіз жеңіп алған. Бүгінде облыста осы тақылеттес 6 істің материалы процессуалдық шешім қабылдау үшін құзіретті органдарға жолданды.

Асхат Оразхан, ҚР СЖҚІҚА облыстық департамент басшысының орынбасары:

– Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жыл өткен сайын нағыз айлакерге айналып келеді. Мысалы, осы жағдайда кей әріптің латын қарпінде жазылуы салдарынан қаншама қатысушының құқығы шектелген. Біз бұны жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында, арнайы бағдарлама арқылы ғана анықтай алдық. Алдағы уақытта біз мемлекеттік сатып алулар жүйесінде осындай құйтырқы әрекеттер болмауы үшін келісімшарт жасасқанға дейін осы процесске араласып тексеретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы