432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төтенше жағдай кезінде ісімен үлгі болған үздіктер марапатталды

  • 543
Төтенше жағдай кезінде ісімен үлгі болған үздіктер марапатталды

Елорданың бас полицейі белсенді волонтерлер мен тәртіп сақшыларына алғысхат табыстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еріктілердің бірі мұқтаждарға күн сайын азық-түлік жеткізіп жүрсе, енді бірі қоғамдық тәртіпті қадағалауға шығады. «Мейірімділер клубы» деп аталатын еріктілер тобы полициямен бірлесе жұмыс істеп жүр. Марапатталғандардың ішінде ірі кәсіпорын өкілі де бар. Ол тәртіп сақшыларына 1000 бетперде таратып берген. Ал блок-бекетте кезекшілікте тұрған лейтенант Ерлан Исаев 3 рет жүкті әйелді ауруханаға жеткізген. Ал Берік Ақкөзов пен Фархад Түкенов терезеден секірмек болған әйелді аман алып қалды.

Фархад Түкенов, патрульдік полиция инспекторы:

– Әрбір секунд қымбат болды. Қасымдағы қызметкермен ойымыз бір жерден шығып, тез арада іс-әрекет жасап, аман-есен алып қалуға тырыстық.

Әсет Смақов, волонтер:

– Төтенше жағдай басталғалы бері біздің клуб қала тұрғындарына тоқтамай көмек көрсетіп жатыр. Бұл жерде айта кету керек, полиция қызметкерлері көмек береді. Алдында бізге автобус бөлген еді. Көбінде біз жанұяларға азық-түлік апарамыз.

Хабар 24 телеарнасы