412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жандарбек Бекшин: Өзін өзі оқшаулау ережесін қатаң сақтау керек

  • 154
  • UPD: 18:44, 25.04.2020
Жандарбек Бекшин: Өзін өзі оқшаулау ережесін қатаң сақтау керек kapital.kz

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ата-аналардан балаларына ерекеше көңіл бөлуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзін өзі оқшаулау ережелерін қатаң сақтау керек. Сіздердің назарларыңызды мынаған аударғым келеді, соңғы уақытта коронавирус инфекциясын 14 жасқа дейінгі 40 бала жұқтырған. Яғни, балалар ата-анасыз өздері далаға шығып ойнап, қыдырып келеді. Тіпті инфекция жұқтыру қаупі жоғары жерде жүруі мүмкін. Сондықтан балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыздар. Үйден шығуға болмайды. Ата-аналар Сіздерден осыны қадағалауды сұраймын»,– деді онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Хабар 24 телеарнасы