410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бекшин ата-аналарды балаларын қатаң бақылауда ұстауға шақырды

  • 175
  • UPD: 21:30, 25.04.2020
Бекшин ата-аналарды балаларын қатаң бақылауда ұстауға шақырды

Алматыда короновирус инфекциясын жұқтырғандар саны 814-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ал, қазіргі таңда жұқпалы аурулар стационарында 717 адам ем алып жатыр», - дейді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек  Бекшин. Қала бойынша бұл індеттен осы күнге дейін 90 адам сауығып шыққан. Онлайн брифинг өткізген дәрігер мегополисте COVID-19 індетінің алдын алу үшін, дезинфекция жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты.

«Тек бір күннің ішінде 8000-нан астам кіресберіс пен 1300-ден астам алаңға зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді», - дейді ол. Ал, қауіпті вирусты анықтау үшін шаһардағы 39 мыңнан астам адамға полимеразды тізбекті реакция диагностикасы жасалса, 19 мыңнан астам адамнан экспресс-тест алынған екен. Күн жылынғалы тұрғындардың, әсіресе, балалардың себепсіз жиі далаға шығуына алаңдаған дәрігер, карантин талаптарын сақтауды сұрады

Жандарбек Бекшин, қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:

- Тағы да айтқым келеді, біздің тұрғындарымызға балаларды, өздеріңіз де кешке болсын, күндіз болсын, үйден шығуға болмайды. Неге десеңіз, өзін өзі оқшаулау принципі ең тиімді алдын алу шарасы болып табылады. Өткен кезеңнің арасында 4 14 жасқа дейінгі бала аурып қалды. Сондықтан бұл мәселеге мән беру керек.

Хабар 24 телеарнасы