424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елімізде 150 мың тұрғын үй салынады

  • 520
  • UPD: 23:27, 25.04.2020
Биыл елімізде 150 мың тұрғын үй салынады

Үкімет басшысы елордадағы екі бірдей тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатыр. Жалпы ауданы 160 мың шаршы метрден асады. Құрылысқа 500-ге жуық адам тартылған. Олар екі ауысымда еңбек етуде. Асқар Мамин қүрылыс сапасына жіті мән беруді және тұрғын үйлерді уақытылы қолданысқа беруді тапсырды. Жалпы биыл елордада шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделген. Ал республика бойынша 150 мыңнан астам баспана тұрғызу жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы