425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда жазасын өтеушілер еңбектен қол үзген емес

  • 410
  • UPD: 08:38, 26.04.2020

Павлодардағы АП-162/4 мекемесінде ауыр қылмысы үшін  ұзақ жылға бас бостандығынан айырылғандар жаза мерзімін өтейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүктелген жұмысын атқарып, отбасына қарайласып жатқандары да бар.

Айнала тікенек темір. Жазасын өтеушілер әр қадамын аңдап басады. Өйткені бұл аса ауыр қылмыскерлер жазасын өтейтін мекеме. Николай Супругов бостандықта жүргенде бақша салған  екен. Қазір соның пайдасы тиіп жатыр.

Николай Супругов,  жазасын өтеуші:

– Біз ақ және қызыл раушан гүлдерін және құлпынай өсіреміз. Көк пияз, ащы бұрыш, ақжелкжазасыен, шалғам, аскөк пен  салат жапырақтарын және қызанақтың бірнеше түрін саламыз.

Алынған өнім сотталғандардың ас мәзіріне жұмсалады. Құрма, авокадо, лимон сынды экзотикалық жемістер дәнінен өсіп шыққан. 

Тілеуберді Аймулдин, жазасын өтеуші:

– Жыл сайын қарап отырамыз қалай өседі. Үйден әкеліп отырады, сәлемдемемен тұқымдарын салып жібереді. Сосын көріп, өсіріп жатырмыз. Ақырын шығып жатыр. Көреміз енді қалай боларын.

Тілеуберді Аймулдин – бұрынғы спортшы. Оның көп жылғы жаттығулары, спорттағы жетістіктері бостандықта қалды. Өмірін өзгерту үшін ол темірдей тәртіпке бағынып, еңбектен қол үзбеу керек екенін түсінген. 

Сұлтан Бакин, АП-162/4 мекемесі басшысының тәрбие жөнінен орынбасары:

– Мұның бәрі сотталғандардың түзу жолға түскенін көрсетеді. Тәрбиенің бастауы еңбек пен білімде жатыр. Жұмыс істесе жалақы төленеді. Ол қарыздарын қайтарып, мерзімінен бұрын босап шығуына көмектеседі.

Түзету мекемесінде бірнеше өндірістік кәсіпорын бар. Жүзден аса адам жұмыспен қамтылған. 

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы