405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ораза иммунитетті күшейтеді – нутрицолог

  • 302
Ораза иммунитетті күшейтеді – нутрицолог

Карантин кезінде ораза ұстау адам ағзасына жағады.

Тіпті ауызды бекіту арқылы иммунитетті күшейтуге болады. Нутрициология кафедрасының меңгерушісі, қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы Майгүл Сейдоллақызы осылай дейді. Карантинде қозғалыс азаяды, сәйкесінше ішіп-жем мөлшерін кеміткеннің пайдасы бар. Тек бірнеше қағиданы ескерген жөн. Рациондағы тамақ құнарлығы ағзаға салмақ түсірмей, керісінше күш-қуат беретіндей дәруменге толы болуы тиіс. Сондықтан таңдауды фаст фуд өнімдеріне емес, ыстық ас-суға түсірген абзал. Сонымен бірге, нутрицолог маман сәреге дейінгі уақытта көбірек сұйықтықты тұтынуға кеңес береді.

Майгүл Сейдоллақызы, Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі:

– Таң сәресіне әр түрлі дәнді-дақылдардан жасалған өнімдер пайдалы. Соның ішінде арпа, сұлы, бидай, күріштен жасалған ботқалар болуы мүмкін. Немесе сорпалар болуы мүмкін. Және бұршақ тұқымдастары, әр түрлі үрме бұршақ күні бойы адамға тойымдылық қасиет береді және жұмыс істейтін адамдар үшін өте пайдалы.

Хабар 24 телеарнасы