423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испания жағалауында 49 мигрант құтқарылды

  • 286
  • UPD: 12:31, 27.04.2020
Испания жағалауында 49 мигрант құтқарылды

Испанияның жағалау күзеті Атлант мұхитында өлім аузынан аман қалған 49 мигрантты Гран-Канария аралына жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кірмелердің 20-сы кәмелет жасқа толмағандар. Барлығы дін аман. Қызыл Крест ұйымының хабарлауынша, келімсектер отырған кеме бір апта бойы суда болған. Мигранттардың дені Африка елдерінен. Көбіне Мали мен Сенегал азаматтары.

Айта кетейік, соңғы кездері Испанияға өзге елден келген заңсыз кірмелердің саны өткен жылмен салыстырғанда 20%-ке азайғанымен, Канар аралдарына табан тіреген мигранттардың саны керісінше өскен.

Хабар 24 телеарнасы