419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын - Президент

  • 242
  • UPD: 13:56, 27.04.2020
Шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын - Президент

Қазақстан Президенті төтенше жағдайды ұзартуға қатысты жасаған мәлімдемесінде еліміздің журналистер қауымына алғыс білдірді.

«Індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі азаматтарды тағы да ерекше атап өткім келеді.

Халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс айтамын.

Қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлерге де ризашылық білдіремін.

Сондай-ақ халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын» деді Қ.Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы