427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда ҰОС ардагерлері 1 млн теңгеден алады

  • 436
  • UPD: 14:56, 27.04.2020
Нұр-Сұлтанда ҰОС ардагерлері 1 млн теңгеден алады Елорда әкімдігі

9 мамырға ақшалай төлемдер ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санатқа қарастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 1 млн теңгеден алады. Қазіргі таңда елордада ҰОС 44 ардагері бар.

Сонымен қатар тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ҰОС мүгедектері мен қатысушыларының әйелдері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген барлық адамдар да бір жолғы ақшалай төлемдерді алады. Атап айтқанда, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 75 мың теңгеден (405 адам), жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне – 32 500 теңгеден (3 529 адам) біржолғы ақшалай төлемдер қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы