427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраудағы «Теңіз» кен алаңында 58 адам коронавирус жұқтырған

  • 354
  • UPD: 15:14, 27.04.2020
Атыраудағы «Теңіз» кен алаңында 58 адам коронавирус жұқтырған

Атыраудағы «Теңіз» кен алаңында коронавирус індетін жұқтырғандар саны 58-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай мұнай өнеркәсібіне қатысы жоқ жұмысшыларды жаппай эвакуациялау басталды. Бүгінде еліміздің өзге өңірлерінен келгендер пойызбен және ұшақпен үйлеріне қайтарылып жатыр. Олар жұмыс орнынан шығарда COVID-19 ауруына арналған жедел тестілеуден өткізіледі. Жұқпалы індетке байланысты Теңіз кенішінен 17 мың жұмысшы қысқаруы тиіс еді. Оның 7 мыңы жергілікті азаматтар. Жұмысшыларды орналастыру және тасымал шығындарын жұмыс беруші мекеме көтеріп алды. Үйлеріне қайтарылған азаматтар өздері тұратын мекенжай бойынша дәрігерлердің бақылауында болады.

Гүлнәфис Таңбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Үй карантиндегілер Атырау қаласындағы емханалар мен 7 аудандағы аурухана ішіндегі емхана медицина қызметкерлерінің бақылауында. Теңіздің басында бүгінгі күні Денсаулық сақтау басқарамасынан бөлінген 44 маман сол жерде жұмыс істеп жатыр. Теңіз кенішінде барлық мүмкіншіліктерді жасап, провизорлық карантиндік стационар ұйымдастырдық.

Хабар 24 телеарнасы