418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экология министрлігі су саласына бөлінетін қаражатқа қоғамдық бақылау енгізеді

  • 206
  • UPD: 16:31, 27.04.2020
Экология министрлігі су саласына бөлінетін қаражатқа қоғамдық бақылау енгізеді АгроИнфо

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев гидротехникалық құрылыстар мен ириигациялық жүйелерді салу және жаңғыртуға бөлінетін қаражаттың жұмсалуын қоғам тарапынан бақылауды енгізуге ниетті.

Бұл туралы министр Kun.kz-тегі тікелей эфир барысында хабарлады, деп жазады ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметі.

«Өкінішке қарай, соңғы жылдары су саласын түрлі жанжалдар абыржытып тастағаны жасырын емес. Осылайша, ең бір құрметті мамандықтың абырой-беделі, тақырыпқа сай айтсақ, суға кетті», – деді М. Мырзағалиев эфир барысында, жүргізушінің су саласына бөлінетін қаражаттың жұмсалуын бақылау туралы сауалына жауап бере келіп.

«Егер қоғам бұл процеске тартылатын болса, бізге оңайырақ, ал маған, жеңілірек болады. Егер жергілікті жерде тұрғындар тарапынан бақылау жасалатын болса, онда жұмыс та сапалы әрі уақытылы жүргізіледі», – деді министр.

Ол бағдарлама жүргізушісі, белгілі қоғам белсендісі Мұрат Әбеновті осы процеске қатысуға шақырды.

«Біз дайынбыз. Министрліктің барлық материалдарды, соның ішінде жобаны қаржыландыру туралы ашық жариялауы өте маңызды», – деді М.Әбенов.

Хабар 24 телеарнасы