425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

  • 190
  • UPD: 22:17, 27.04.2020
Қарағанды облысында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды

Қарағанды облысында бір жарым тонна балықты заңсыз аулаған браконьер қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол олжасын Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин ауылы маңындағы блок-бекеттен алып өтпек болған. Азық-түлік тасуға арналған көліктің жүріп-тұруына рұқсат берілген екен. Бірақ жүргізушінің балық аулауға құжаты болмай шықты. Айта кету керек, тәртіп сақшылары сол күні заңсыз балық аулаған тағы екі азаматқа әкімшілік хаттама толтырған.

Жаңатай Сембеков, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

– 54 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 335 бабы 1-ші бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы