423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда мен Алматы арасындағы ұшаққа отыратын жолаушылар коронавирусқа тест тапсырады

  • 671
  • UPD: 12:29, 28.04.2020
Елорда мен Алматы арасындағы ұшаққа отыратын жолаушылар коронавирусқа тест тапсырады

1 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының арасындағы әуе қатынасы қалпына келеді.

Алғашында қалалар арасында күніне 4 рейс қатынайды. Ал жолаушылар ұшаққа отырар алдында коронавирусқа тест тапсыруы керек.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Сондай-ақ ұшақ жолаушылары арнайы қашықтықты сақтап отыруы керек.

Айтуынша, әуежайлар тәулік бойы барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жұмыс істейді. 

Хабар 24 телеарнасы