Тұрмыстық техника сататын ірі дүкендер, сондай-ақ жазғы маусымға арналған тауарларды сататын дүкендер өз жұмысын бастайды.
Дегенмен сауда орындарында қолма-қол ақша ауысымы болмайды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Кассада және сатып алу алаңдарында адамдардың арасы 2 метрден кем емес қашықтықта болуы керек.
Сонымен қатар дүкендерде әрбір ауысымға дейін және ауысымнан кейін қызметкерлердің денсаулығын бақылап отыратын медицина пунктері болуы тиіс.
