417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда маңындағы ауылдан рұқсатсыз шыққан адам карантинге жабылуы тиіс - Әкімдік

  • 191
  • UPD: 13:03, 28.04.2020
Елорда маңындағы ауылдан рұқсатсыз шыққан адам карантинге жабылуы тиіс - Әкімдік

Елорда маңындағы ауылдардың халқы карантин аймағынан шықса неліктен қайта кіре алмайтыны белгілі болды.

Елорда маңындағы Қабанбай батыр ауылының тұрғындары блок-посттан еркін өтуге рұқсат сұрап отыр. Себебі олар қазір жұмыс үшін Нұр-Cұлтанға барып, пәтер жалдап тұруға мәжбүр.

Бұл проблемаға қатысты қала әкімінің орынбасары Б.Мәкен Хабар 24 арнасындағы брифингте былай деді: «Карантин шараларының қатаң сақталуы тиіс екендігіне байланысты елорда маңындағы ауыл халқына қалаға еркін қатынауға рұқсат жоқ. Ал осы карантинді бұзып, қалаға шыққан жағдайда бұл тұрғын өз ауылына қайтадан кіргізілмейді. Себебі қалада рұқсатсыз болған адам 14 күн карантинге жабылуы тиіс».

Хабар 24 телеарнасы