425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Нұр-Сұлтанда бес науқас жасанды дем алдыру аппаратына қосылған

  • 256
  • UPD: 13:11, 28.04.2020
COVID-19: Нұр-Сұлтанда бес науқас жасанды дем алдыру аппаратына қосылған

Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.

«Қалада коронавирус инфекциясының 599 жағдайы тіркелді, бұл 9 проценттік өсім. 332 науқас стационарларда жатыр, 214 адам емделіп шықты, үй карантинінде 2 576 адам бар. Өкінішке орай, үш адам індеттен қайтыс болды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.

Айтуынша, 9 сәуірден бастап жаппай экспресс тестілеу жүргізу басталды, оны 15 528 адам тапсырды.

«Қазіргі уақытта 10 науқастың жағдайы тұрақты ауыр хәлде. Оның ішінде 5 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған», - деді Б. Мәкен.

Хабар 24 телеарнасы