430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жұмыссыз қалған тұрғындар қаланы абаттандыру ісіне тартыла бастады

  • 474
  • UPD: 14:01, 28.04.2020

Ақтөбеде жұмыссыз және төтенше жағдайға байланысты уақытша қызметінен босаған тұрғындар қаланы абаттандыру ісіне тартыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін тұрақты жалақы да төледі. Дегенмен әзірге ниет білдірушілер аз боп тұр. Ал облыс орталығын көркейту жұмыстарына 300-ге жуық адам қажет.

Самал Құлмағамбетова абаттандыру ісіне жұмысшылар қажет деген хабарламаны естігенде, бірден тілек білдіріп, тиісті құжаттарын рәсімдеген. Себебі бұрын аспаз боп қызмет істеген мейрамханасы төтенше жағдайға орай ісін тоқтатқан соң бос отырып қалған еді. Енді тұрақты жұмыс тапқанына қуанышты. Әрі өзіне жүктелген жауапкершілік те аса ауыр емес.       

Самал Құлмағамбетова, қала тұрғыны:

– Осы биржаға менің тұрғаныма үш жарым жылдай болып қалады. Бұрын-соңды мемлекеттік жұмыста көп істедім. Ал жекеменшік жұмыста істеп көрген емеспін. Қиыншылыққа қарамай, жұмыс істеп келе жатырмын. Ер адам да, әйел адам да боламын. Жұмысшылар, ұжым бәрі жақсы. Маған ұнайды.

Қаланы көріктендіру жұмыстары әдетте көктем мезгілінде қыза түседі. Бұл жолғы науқанға 300-ге жуық адам тарту көзделген. Бұл есепте тұрған жұмыссыз жандардан өзге, қазіргі жағдайға байланысты тұрақты қызметінен айырылған азаматтарды ескеруден қабылданған шешім. Бірақ әзірге келгені 30-дан әрең асып жығылады. Ал қаланы абаттандырумен айналысатын 8 ұйым анықталып қойған.

Наурызбек Сәрсембин, мердігер ұйым өкілі:

– Біздерге кей уақытта мамандардың көбісі, жұмыспен қамту орталығы арқылы келеді. Бұл уақытша. Мысалы, жазғы мезгілде әр түрлі жұмыс. Қысқы мезгілде қар тазарту, жазда көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен айналысады. Агрономдар енді жетіспеушілік болады арасында. Өйткені бізде абаттандыру үшін бір шебер, бір басшылық болуы керек.

Ал қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары бұл мәселенің таяу уақытта жойылатынына сенімді. Себебі бос жұмыс орны туралы хабарламаның жарияланғанына көп бола қойған жоқ. Әрі алынатын адамдар тұрғылықты мекенжайы бойынша атқарылатын істерге ғана тартылады. Және ай сайын 7 мың теңге жалақы төленеді.

Әсем Медетова, қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:

– Көбі карантин біткеннен кейін жұмысымызға кедергі болмай ма деп қорқады. Ол жағдайдың барлығы түсіндіріліп жатыр. Бұл беріліп тұрған мүмкіндік. Бір ай жұмысын жасайды. Карантин бітсе, өз жұмысын әрі қарай жалғастырып кете береді. Студенттер де қарастырылып жатыр.

Қоғамдық жұмыстардан бөлек, бірер айда «жасыл ел» жобасы да бастау алмақ. Оған 170-тен астам жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерді жұмылдыру жоспарланып отыр.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы