424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

CОVID-19-ға тексерілгеннен кейін берілетін анықтама жеті күнге ғана жарамды

  • 242
  • UPD: 17:54, 28.04.2020
CОVID-19-ға тексерілгеннен кейін берілетін анықтама жеті күнге ғана жарамды

Коронавирусқа тексеретін полимеразды тізбекті реакция тестінің бағасы 20 мың теңгеге жуық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анығын айтсақ, 19760 теңге. CОVID-19 вирусына тексерілгеннен кейін берілетін анықтама жеті күнге ғана жарамды. Егер жолаушы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып келсе, ал анықтаманың мерзімі өтіп кеткен болса, оралу үшін қайтадан ақылы тестілеуден өту керек.

Айта кетейік, тест кезінде ауыз бен мұрныннан сынама алынады. Нәтижесі бір күннен кейін белгілі болады. Ел бойынша 20 зертхана ПТР тестін өткізе алады. Тағы осындай бірнеше зертхана ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл жайында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Ұлттық сараптау орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев әлеуметтік желіде өткен тікелей эфир барысында хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы