Ақмола облысында бүгінге дейін 60 адам коронавирустан айықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал, олардың 35-і қариялар. Егде жастағы пациенттер, Целиноград ауданындағы «Шапағат» әлеуметтік-медициналық мекемесінің қамқорлығындағы жандар. Ал, қауіпті вирусты жеңіп шыққандардың алды 91-де. Сәуір айының басында аталған мекемеде бір адам коронавирус жұқтырып, одан тағы 48 адамға тараған болатын. Өкінішке қарай, олардың үшеуі көз жұмды. Енді инфекциялық бөлімшеде тағы 10 қария емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы бірқалыпты, қанағаттанарлық. Ал, жалпы Ақмола облысында бүгінге дейін 95 адам COVID-19-ға шалдыққан болатын.