427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда коронавирусты анықтайтын екі зертхана іске қосылды

  • 440
  • UPD: 20:47, 28.04.2020

Көкшетауда коронавирусты анықтауға мүмкіндік беретін екі бірдей зертхана іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біріншісі – мобильді қосын. Ол, қаладағы медицина орталықтарының бірінің жанында орналасқан. Мұнда тұрғындар ақылы түрде жедел тест тапсыра алады. Ол үшін арнайы сайтта анкета толтыру қажет. Ал, қауіпті аймақтарда жүретін топтағы азаматтарға бұл тест тегін. Екінші зертхана облыстық балалар ауруханасының ғимаратында орын тепкен. Онда тереңдетілген зерттеулер жасалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, тесттерді ең алдымен тұмау белгілері бар немесе науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар құқық қорғау және медицина мекемелерінің қызметкерлері тегін өте алады.

Татьяна Бишораева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Коронавирус инфекциясы адамның бойында еш білінбеуі мүмкін. Сондықтан, алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген барлық мамандарды тексертуіміз қажет. Ал, бұл жұмыстарды арнайы қаулының негізінде біртіндеп іске асырамыз.

Хабар 24 телеарнасы