427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайлық 270 дәрігерге үстемақы төленді

  • 359
  • UPD: 20:05, 28.04.2020
Қостанайлық 270 дәрігерге үстемақы төленді

Коронавируспен күресте қостанайлық 270 дәрігерге 41 миллион теңге үстемақы төленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың барлығы қауіпті індетті жұқтырған науқастармен және олармен байланыста болған тұлғалармен жұмыс істеген. Соның ішінде облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлері де бар. Бұл саланың 12 дәрігері мен фельдшері наурыз айындағы жалақыларына қосымша 425 мың теңге алса, төрт жүргізушіге осы соманың жартысы тағайындалды. Сәуір айында да аймақтың ақ халатты абзал жандары жәрдемақы есебінен жоғары еңбекақы алады.

Юлиан Подавец, облыстық жедел жәрдем станциясының дәрігері:

Бұл ақша, әрине артық болмайды. Басында өз денсаулығымыз үшін алаңдағанымыз рас. Алайда сырқатқа көмек көрсету біздің жұмысымыз. Сондықтан біз де халықпен біргеміз.

Хабар 24 телеарнасы