417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да бүгіннен бастап карантин талаптары жеңілдеді

  • 231
  • UPD: 20:30, 28.04.2020
СҚО-да бүгіннен бастап карантин талаптары жеңілдеді

Бүгіннен бастап Солтүстік Қазақстан облысында карантин талаптары жеңілдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылыс, жол жөндеу кәсіпорындары мен асфальт зауыттары өз жұмыстарын қайтадан бастады. Және кәсіпкерлер үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылып, шағын және орта бизнес өз жұмысын жандандырды. Алғашқы кезеңде облыста 45 мың адам жұмысқа оралады деп жоспарланып отыр. Оның 6,5 мыңнан астамы әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеуге жұмылдырылмақ. Тұрғындардың таңғы 05:00-ден кешкі 20:00-ге дейін саяжайға баруыларына рұқсат етілді. Ол үшін арнайы кешенді бағдарлама қабылданған. Қажет жерге жету үшін қоғамдық көлік тегін жеткізеді. Азық-түлік дүкендері де жұмыс кестесін өзгертті. Олар таңғы 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін ашық болады.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызуды және кеңестік-диагностикалық көмек көрсетуді қайта бастаймыз. Оған қоса, адвокат кеңселері, автожуу, шиномонтаж, техникалық қызмет көрсету станциялары, химиялық тазарту, техника жөндеу пунктері қайта ашылады. Тұрғындар өз ауданында орналасқан нысандарда ғана бару қажет. Біз шектеулерді экономиканың дамуы үшін жұмсартып отырмыз. Тұрғындар қатаң тәртіпке бағынуы қажет. Қауіп әлі де бар. Адамдардың жауапкершілігіне үміттенеміз

Хабар 24 телеарнасы