426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аулаға шығуға рұқсат, алайда топтық спорттық ойындарға тыйым салынған

  • 344
  • UPD: 21:11, 28.04.2020

Алматы қаласының тұрғындарына да саяжайларына, тіпті Алматы облысында орналасқан саяжайларына баруға рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ карантин тәртібі бойынша өмір сұріп жатқан қала тұрғындары, әсіресе, балалар кешкі сағат 21:00-ге дейін аулаға шығып серуендеуге болады. Бұл жеңілдетілген шаралар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі мәлімдемесінен кейін жүзеге аса бастады. Бірақ әрбір жағдайдың өз қатаң талаптары бар.

Алуа Маханбет, тілші:

- Күн жылынып, жер көктей бастағалы карантин тәртібіне сай үйде отырған саяжай иелерінің мазасы кеткені рас. Солардың біріПавел Карасев. Оның саяжайы Ақсай шатқалының етегінде орналасқан. Азды-кем жеріне бау-бақша егіп, омарта ұстаған ол «карантинге байланысты уайымдай бастаған едік», дейді.

Павел Карасев, саяжай иесі:

- Міне, бақшама қажетті барлық көшеттерді дайындап қойдым. Омартаға да көңіл бөлу керек, себебі  қазір бал аралары уланып, басқа жаққа ұшып кетпеуін қадағалайтын кезең. Әйтпесе, балсыз қаламыз.

Ал, енді бүгіннен бастап Алматы тұрғындарына саяжайларына баруға рұқсат берілді. Алматы облысы аумағында болса да, баруларына болады. Жедел штабтың ақпараты бойынша алматылықтардың қала сыртында 27 мыңнан астам саяжайы бар. Сондықтан карантин тәртібіне жеңілдік жасалып отыр.

Ерлан Қожағапанов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

- Ол үшін саяжай меншігін растайтын құжаттар мен және өздерінің жеке куәліктерін көрсетсе болады. Блокпосттардан өту үшін осы екі құжатты көрсетсе жеткілікті. Әрине, әр көлікте екі-үш адамнан көп болмауы керек. Беттерінде масқа болуы керек. Қолдарында антисептик болу керек.

Сондай-ақ бүгіннен бастап қала тұрғындарына таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін аулаға шығып, серуендеуге рұқсат. Бірақ өз аулаңыздан алыс кетпейсіз. Ал, 14 жасқа дейінгі балалар ересек адамдардың бақылауымен ғана далаға шыға алады. Ауладағы топтық спорттық ойындарға және көрші-қолаңның топтасуына тыйым салынған. Бетперде киіп, 2 метр қашықтықты ұстану негізгі талап. «Ал, оны орындамағандар жазаланады», - дейді қалалық штаб өкілдері.

Авторы: Алуа Маханбет

Хабар 24 телеарнасы