399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі кейбір кәсіпорындар өндірістік бағыттарын өзгертіп жатыр

  • 105
  • UPD: 22:47, 28.04.2020

Бұрын машина жасау және тұрғын үй құрылысына қажетті заттар шығарған зауыт енді медициналық мекемелерге арналған кварцтеу құрылғыларын қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, техникалық университет ғалымдары бетперде мен респиратор және операция кезінде науқастарға қолданылатын түтікшелерді 3D принтерден шығаруды бастады.

Ультракүлгін сәулемен кварцтеуге арналған медициналық құрылғылар шығаруды бұл зауыт елімізде бірінші болып бастады. Бұрын тек машина жасау саласында ғана өнім өндірген. Бас-аяғы бір айдың ішінде күлгін сәулелі екі мың лампа шығарды. Кварцтеуге арналған құрылғының негізгі бөліктері зауытта жасалады. Бір ауысымда 300-ге жуық қорап шығарылады. Қысқа мерзімде зауытты басқа бағытқа бұрғанның арқасында жұмыс орны түгел сақталды. Ал, нәтижесінде жергілікті медициналық мекемелер өзімізде өндірілген өнімді алып жатыр. 

Зоя Наволодская, зауыт директоры:

Қанша қиын жағдай болса да, бірде-бір жұмысшы қасқарған жоқ. Сондай-ақ ақысыз демалысқа да жібермедік. Керісінше, инженер мамадығы бар тағы да 20-30 адамды жұмысқа қабылдауға дайынбыз.

Қазір инфекциямен күресте алдыңғы лекте жүрген мамандарға қажет құрал-жабдықпен көмектесу үшін технкалық университеттің ғалымдары бірнеше жобаны қолға алды. Оқу орнының ғылыми-өндірістік орталығында антисептик жасап таратса, енді  бетперденің бірнеше түрі мен операция кезінде науқастарға оттегі беруге арналған түтікшелер шығарып жатыр. Құралдардың бәрі 3D принтерінде басылады

Ақбота Бауыржанқызы, зерттеуші-инженер:

- Полиэтилен материалынан лазерлі станокпен берілген контур бойынша қорғаныс бетпердені жасап жатырмыз. 3D принтерде көбірек қолданатын бетперделер. Бұл жерде бетперденің сүзгішін ғана ауыстырып отырады. Және оны көбірек қолдануға болады. Егер де мекемелер жағынан сұраныс болып жатса біз, әрине, алдағы уақытта көптеп шығаруға мүмкіндігіміз әбден бар. Бізде материал құрал-жабдықтар жеткілікті.

Жеткілікті құралдың игілігін одан ары көру үшін бүгінге дейін шығарған заттарға енді пантент алу ғана қалды. Ал, медицина мамандары оң бағасын беріп отыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы