433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда туған күнін отшашумен қарсы алған азамат жауапқа тартылды

  • 455
  • UPD: 23:29, 28.04.2020
Атырауда туған күнін отшашумен қарсы алған азамат жауапқа тартылды

Атырауда карантин жағдайына қарамастан, туған күнін отшашумен қарсы алмақ болған азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерейтой иесі мейман шақыра алмаған соң туған күнін осылай есте қалдырмақ болған. Ол жеке үйдің ауласында түнгі сағат 02:00 шамасында бірнеше петарданы тұтатып, салют атқан. Жедел жеткен полиция қызметкерлері бұзақыны тәртіпке шақырды. Енді ол заң алдында жауап береді.

Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 476-бабымен және де бұдан басқа осы кодекстің «Пиротехникалық бұйымдарды қолдану» бойынша 436-бабымен хаттамалар жасақталды. Рәсімделген іс-құжаттар сотқа жолданды.

Хабар 24 телеарнасы