429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында дәрігерлер онлайн кеңес береді

  • 500
  • UPD: 07:53, 29.04.2020
Қарағанды облысында дәрігерлер онлайн кеңес береді

Қарағанды облысында виртуалды консилиум іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Енді 20-ға жуық маман бірігіп, пациенттерге онлайн режимде кеңес өткізеді. Қашықтан қызмет ететін медициналық ұйым облыс орталығында ашылған. Алайда өңірдің әр түкпіріндегі тұрғындардың да кеңес алуына болады. Ол үшін бірыңғай нөмір арқылы учаскелік дәрігерге жазылса жеткілікті. Атап өткен жөн, карантин уақытында медициналық мамандарға жүгінген 35 мыңға жуық адам тиісті кеңес алып үлгерді.

Евгений Щербов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жағдаяттық орталық басшысы:

– Кардиолог, нейрохирург, невропатолог, балалар невропатологы, эндокринолог пен гастроэнтеролог сияқты мамандар қашанда сұранысқа ие. Қазір осы 22 маманнан жасақталған арнайы пулымыз бар. Облыстағы өзге де консультативті орталықтар қашықтан жұмыс істеп жатыр. Оған қоса, емханалар да келушілерді еш кедергісіз қабылдай береді.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы