423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында блок-бекеттерді айналып өтпек болған 78 адам қамауға алынды

  • 420
  • UPD: 07:43, 29.04.2020

Ақтөбеде төтенше жағдай режимін бұзу дерегінің саны мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде, блок-бекеттерді айналып өтпек болған 78 азаматқа қатысты іс те бар. Әкімшілік соттың шешімімен олар әртүрлі мерзімге қамауға алынды. Тосқауыл бекетінде кезекшілік атқаратын қызметкерлер тәртіп бұзушыларды ұстаумен қатар, қауіпті індеттің таралмауына да қомақты үлес қосып келеді. Бұл орындардың жұмысы эпидемиологиялық жағдай жақсарғанша жалғаса бермек.

Блок-бекетте қызмет атқаратын Әділбек Баймаханов отбасымен тек осылай ғана хабарласады. Жауапты міндет жүктелгеннен бері жақындарын көрмегеніне бір ай болған. Ісіне адал полиция қызметкері он екі жылдық еңбек өтілінде үйінен мұнша ұзап кеткен емес. Бірақ артылған міндеттің маңызды екенін біледі.

Әділбек Баймаханов, патрульдік полиция қызметінің инспекторы:

– Бекетте жұмыс істеу әрине оңай емес. Күніне қаншама адам өтеді, олармен қарым-қатынаста боламыз. Олардың денсаулығы, алып бара жатқан жүктерін тексереміз. Бізді де СOVID-19-ға тексеріп тұрады. Бәрімізде қауіпті дерттің белгісі анықталған жоқ. Оған қуандық әрине.

Әділбек сияқты облыстағы 28 тосқауыл бекетінде 400-ге жуық тәртіп сақшысы қызмет атқарады. Ас-суы да, жатын орны да осында. Қауіпті дерттің таралуына тосқауыл қою секілді маңызды міндет жүктелгендіктен, әрлі-берлі өткен көліктер мен жолаушыларды жіті тексереді. Бүгінге дейін төтенше жағдай режимін бұзған мыңнан астам дерекке қатысты нақты шешім шығарылған.  

Атығай Арыстанов, облыстық полиция департаментінің бастығы:

– Оның ішінде 200-ден артық қамауға алынғандары бар. Осы блок-посттарды айналып өткісі келген 78 факті де бар. Полиция қызметкерлері осындай жұмыстарды әрі қарай жалғастырады. Учаскелік инспекторлардың жұмысы күшейтіліп жатыр. Профилактика жұмыстары волонтерлермен бірге жүріп жатыр.

Тосқауыл бекеттерінде тұрған қызметкерлерге волонтерлер, мәслихат депутаттары мен қоғам өкілдері жиі келіп, хал-жағдайларын біліп тұрады. Жұмыс барысында кезіккен кедергілердің тез шешілуіне көмектеседі екен.

 

Әнуарбек Мырзатайұлы, тілші:

– Қауіпті дерттің кеңінен таралуын болдырмау мақсатында қойылған блок-бекеттердің қызметі қалыпты жүргізіліп жатыр. Нақты жұмыс төтенше жағдай режимінен кейін де жалғасуы мүмкін. Бірақ қай күнге дейін созылатыны эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты болмақ.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы