420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында есірткі сатумен айналысқан тұрғын ұсталды

  • 402
  • UPD: 07:53, 29.04.2020
Қызылорда облысында есірткі сатумен айналысқан тұрғын ұсталды

Қызылордалық полицейлер есірткі затын заңсыз сақтап және сатумен айналысқан облыс тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шиелілік 47 жастағы азамат газет қиындысына оралған марихуана ұнтағын 2000 теңгеден сатып келген. Күдіктінің жұмыс орнын тексерген тәртіп сақшылары жасыл түсті, ерекше иісі бар 14 дана орама тауып алды. Сондай-ақ оның мекенжайын тінту барысында үйінен кептірілген марихуана оралған 12 дана қағаз қорапша шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ерболат Тұрахметов, ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

– Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297 бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы