420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында жыл басынан бері 31 жемқорлық дерегі тіркелді

  • 351
  • UPD: 08:36, 29.04.2020
Қызылорда облысында жыл басынан бері 31 жемқорлық дерегі тіркелді

Қарамағындағы қызметкер көз қысты, бармақ басты әрекетке барса мемлекеттік органдардың бірінші басшылары отставкаға кетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңмен бекітілді. Заңның негізгі тармақтары талқыланған жиында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталғаны айтылды. Жыл басынан Қызылорда облысында жең ұшынан жалғасқан қылмыстың 31 дерегі анықталды. Олардың ішінде парақорлық – 16, жымқыру және алаяқтық – 11. Заңбұзушылықтарды анықтауда мемлекет пен қоғамның арасында  көпір болып тұрған Аntikor оrtalygy-ның үлесі зор. Карантин кезінде ұйымдастырылған 42 тікелей эфирді 11 мыңнан астам адам көріп, сауалдарына тұщымды жауап алған. Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Ақмешіт-Адалдық алаңы» жобасы аясында жергілікті атқарушы органдар қызметіне Open space форматы енгізілді. Ендігі мәселе, тез арада «Ашық әкімдік» платформасын құрып, жетілдіру. 

 

 

Хабар 24 телеарнасы