405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да түлектер мамандық таңдау бойынша онлайн кеңес алды

  • 208
ШҚО-да түлектер мамандық таңдау бойынша онлайн кеңес алды

Шығыс Қазақстандық «Жастар ресурстық орталығы» өлкедегі жоғары және кәсіптік білім беретін оқу орындарымен бірлесіп, түлектерге мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар беріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір айтарлығы, төтенше жағдай талабына байланысты бұл шара онлайн режимде өтуде. Осы уақытқа дейін мектеп және колледж бітіретін 16 мыңнан астам болашақ түлек осы онлайн ашық есікке қатысып үлгерген. Тіпті, Зайсан, Алтай, Тарбағатай сынды шалғай аудандағы өрендер де қамтылды. Жастарға әрбір оқу орнында ашылған жаңа мамандықтар туралы айтылып, құжаттар реті түсіндірілді. Сонымен қатар республикалық және жергілікті гранттар туралы толық ақпарат берілді. Осылайша биыл  «Білікті маман» жобасы бойынша аймақта  400 грант бөлінетіндігі белгілі болды. Дегенмен ата-аналар мен мектеп бітірушілер тарапынан көп қойылған сауалдардың бірі ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудегі биылғы өзгерістерге байланысты екен.  

Мұхтар Төлеген, ЖОО ректоры:

– Балалар мына, мектеп бітіруші түлектер ұмытпай 5-6 мамыр күндері онлайн тіркеуден өтуі керек, бұл мобильді азамат базасында e-gov. kz адресінде тіркеуден өтуі керек, сондан соң ғана тестілеуге жолдама ала алады.

Арайлым Есімбекова,  «Жастар ресурстық орталығының»  директоры:

– Түрлі саладағы мамандықтарды дайындауға бөлінетн гранттар жайлы да айтамыз. Қазіргі мақсатымыз, осындай қиын қыстау жағдайда өз таңдауын жасай алмай отырған әрбір мектеп бітіруші, колледж  бітіруші түлектердің тек өзі ғана емес, ата анасымен бірге отырып, осындай мүмкіндіктерді пайдалануға жағдай жасап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы