422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай тұрғындарының үй карантинін сақтауы смартфондары арқылы қадағаланады

  • 302
  • UPD: 10:54, 29.04.2020
Қостанай тұрғындарының үй карантинін сақтауы смартфондары арқылы қадағаланады

Қостанай облысында үй карантинінде отыруға тиісті азаматтар «Смарт Қостанай» мобильді қосымшасы арқылы қадағаланады.

Оның көмегімен мамандар карантин кезінде адамның қайда жүргенін ғана емес, оның жеке мәліметтерін де көреді. Сондай-ақ карантин режимін сақтауға міндетті адам бұл қосымшаны орнатудан бас тарта алмайды.

Осы мақсатта үй карантиніндегі азаматтарға қашықтан бақылау жасайтын арнайы мониторинг орталығы құрылды. Ол Қостанай медициналық колледжінің базасында ашылған. Бұл жерде мамандар карантиндегі адамның қайда және сағат нешеде барғанын қадағалайды. Ақпарат әр 20 минут сайын жаңартылып отырады.

Хабар 24 телеарнасы