419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркия кеңесі вакциналар дайындайтын бірлескен өндіріс орындарын құруды ұсынды

  • 376
  • UPD: 12:34, 29.04.2020
Түркия кеңесі вакциналар дайындайтын бірлескен өндіріс орындарын құруды ұсынды Түркі кеңесі

Түркі кеңесінің мүше және бақылаушы мемлекеттерінің денсаулық сақтау министрлерінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі Түркі кеңесінің кезектен тыс саммиті барысында мемлекет басшылары қабылдаған шешімдердің орындалуына арналған бейнеконференциясы өтті.

Кездесуге Түркі кеңесінің қазіргі төрағасы-Әзербайжанның денсаулық сақтау министрі Октай Ширалиев, Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа, Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Әлішер Шадманов, Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев, Венгрияның денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік хатшысы Золтан Лоринчи және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық директоры Ханс Анри Клуге қатысты.

Денсаулық сақтау министрлері COVID-19-мен күрестегі және пандемиядан кейінгі кезеңде Түркі кеңесі шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Отырыста ақпаратпен тәжірибе алмасу және профилактикалық әдістер, диагноз қою мен қауіпті инфекцияларды емдеу, эпидемиологиялық және ғылыми зерттеулер үшін көпжақты ынтымақтастық тетіктерін құру туралы шешім қабылданды. Министрлер қатысу тараптардың медициналық қызметкерлері арасында бірлескен техникалық кездесулер мен мамандар дайындау бағдарламаларын өткізуге келісті.

Сонымен қатар министрлер денсаулық сақтау инфрақұрылымына бірлескен инвестициялардың, атап айтқанда, тест жиынтықтары, маскалар, фармацевтика, вакцина ойлап табу қажетті зертханалық медициналық жабдықтардың өндіру мәселелерін талқылады. Осыған байланысты тараптар аталған салалардағы ынтымақтастық үшін «Жеткізілім тізбегі тобын» құруға келісті. Министрлер аталған заттарды шығару бойынша мемлекеттік және жеке компаниялар арасында ынтымақтастық орнатуға арналған арнайы бизнес-форум өткізуге келісті.

Бас хатшы мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы өзара іс-қимыл мен үйлестіру жұмысын арттыру мақсатында ынтымақтастықтың көпжақты тетіктерін құру туралы пікірлерін айтты.

Б.Әміреев денсаулық сақтау және бірлескен медициналық және зертханалық жабдықтарын шығару, сондай-ақ фармацевтикалық өнімдер мен вакциналар өндіру саласындағы бірлескен өндіріс орындарын құру жайлы ұсыныстарын айтты.

Хабар 24 телеарнасы