419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда 5 өндіріс ошағы іске қосылады

  • 397
  • UPD: 13:48, 29.04.2020
Ақтауда 5 өндіріс ошағы іске қосылады

Елімізде төтенше жағдай аяқталған соң Маңғыстау облысында 5 өндіріс ошағы іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңаөзенде қант шығаратын зауыт құрылысы аяқталды. Қазір ішкі жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр. Мұнда тәулігіне 10 тонна шекер мен науат өндірілмек. Аймақта жүзеге асатын инвестициялық жобалардың тағы бірі – мұнай-газ кен орындарындағы жұмысшыларды таза ауызсумен қамтуға бағытталған су тұщыту зауыты. Тәулігіне 17 мың текше метр тіршілік нәрін тұщытады. Жобаның құны 21 млрд 400 миллион теңге. Зауыт іске қосылған соң, 40 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар Ақтауда алдағы 1-2 айда болат құю зауыты жұмысын бастайды. Жалпы биыл аймақта экономиканың түрлі салаларында 17 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл ретте 1200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Талғат Әбдіқадыров, облыстық инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

– Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты және карантиндік режимге байланысты кейбір жобалардың мерзімі ығысуда кішкене. Ол инвесторлардың өздерінің болжамы бойынша, ақпараты бойынша кейбір жобалар сәл жылжитын болады жылдың аяғына дейін. Ең бірінші шетелден азаматтар келіп, қондырғыларды іске қосуы керек. Мысалы, мұнай компоненттерін дайындайтын, бұрғылау жабдықтарын өндіретін жоба бар. Сингапурдан 3-4 маман келіп, зауыттың іске қосуын қадағалауы керек.

Хабар 24 телеарнасы