426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сотталғандарға 42500 теңге алуға көмек көрсетілді

  • 378
  • UPD: 14:33, 29.04.2020
Сотталғандарға 42500 теңге алуға көмек көрсетілді

Қызылорда облысында пробация қызметкері сотталғандарға әлеуметтік төлем алуға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторлары пробация есебінде тұрғандарға құқықтық көмектер көрсетіп, жағдайға байланысты кеңестер беріп отырады. Инспектор М.Маратқызы есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік төлемді алуға көмектесті. Бұл көмек барысында пробация қызметкері мекеме қарамағында есепте тұрғандарға, әлеуметтік желі арқылы 42500 теңге мөлшеріндегі төлемақыны алуға өтінім беру жолдарын түсіндірді. Нәтижесінде бүгінгі таңда есепте тұрған төрт адамға мемлекеттік-әлеуметтік сақтандыру қорынан қаражат бөлінді. Қалған өтінім берушілердің арыздары қаралымда жатыр.

Сала қызметкерлері әлеуметтік желіге шығуға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін «Қызылорда қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығының» директоры Б.Нұртазаевпен бірлесіп, онлайн режимде әңгімелесу ұйымдастырды.Онлайн әңгіме барысында, есепте тұрған азаматтар,тиесілі әлеуметтік көмектер алу, «мүлдем зейнетақы жинамаған жағдайда не істеу қажет» және «аталған көмекке студенттер жүгіне ала ма» деген сұрақтар қойды. Сұрақтар бойынша нақты, түсінікті жауаптар алған есепте тұрған азаматтар, мемлекеттік қызметкерлердің көмегіне алғысын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы