417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында бір ауылдың 13 тұрғынынан COVID-19 анықталды

  • 227
  • UPD: 15:21, 29.04.2020
Маңғыстау облысында бір ауылдың 13 тұрғынынан COVID-19 анықталды

Маңғыстау облысындағы Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылы карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл ауылдың 13 тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен түні вирус жұқтырған 3 адам тіркелген еді. Бүгін олармен байланыста болған тағы 10 адамнан COVID-19 табылды. Олардың екеуі 31 және 24 жастағы ер адамдар және біреуі 6 жасар бала. Қалған 7-еуі әйел. Арасында 2 жасар сәби бар. Барлығы бірден карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы бақылауға алынуда. Сенек ауылының іші жаппай дезинфекцияланып жатыр. Ауылдың кіре берісіне блок-посттар қойылып, күзет күшейтілді. Ауылға кіріп-шығуға қатаң тыйым салынды.

 

Хабар 24 телеарнасы