410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамырда коронавирус жұқтырғандар саны 5 мыңнан асуы мүмкін - ДСМ

  • 197
  • UPD: 16:26, 29.04.2020
Мамырда коронавирус жұқтырғандар саны 5 мыңнан асуы мүмкін - ДСМ

Мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 5,3 мыңға жетуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз мәслихатында алдағы уақытта Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны қаншаға дейін жетуі мүмкін екендігі сұралды.

«Жалпы Қазақстан бойынша сәуір айның соңына дейін 3 400-ге жуық оқиғаны болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін коронавирус жұтырудың 5300-ге тарта оқиғасы тікелуі мүмкін», - деді Айжан Есмағамбетова онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда Бас санитар бұдан бұрын жасалған болжамға түзетулер енгізілгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын мамырдың соңына дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетуі мүмкін екені айтылған еді.

Хабар 24 телеарнасы