418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада 20 мыңнан астам кәсіпкер салықтан босатылды

  • 174
Қызылордада 20 мыңнан астам кәсіпкер салықтан босатылды

Қызылордада 20 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 6 ай бойы салық төлемейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жеңілдік Президенттің тапсырмасына сай ұсынылды. Микро, шағын және орта кәсіпкерлік нысандары қазан айына дейін, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері 1 шілдеге дейін мүлік, жер, әлеуметтік және табыс салықтарынан, сосын зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік аударымдардан босатылады. Кәсіпкерлердің арнайы тізімі жарияланды.

Ғалымбек Жақсылықов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Атап айтатын болсақ, бұл жерде 501 кәсіпкер бұл мүлік салығынан, 47 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жер салығынан, 3 мың 600 кәсіпкеріміз әлеуметтік салықтан, 1600 кәсіпкер жеке табыс салығынан, сонымен қатар 7177 кәсіпкеріміз бұл міндетті зейнетақы жарналарынан босатылды. Сонымен қатар 7 мыңдай кәсіпкер бұл әлеуметтік аударымдардан босатылды.

Хабар 24 телеарнасы