423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше акция бастады

  • 438
  • UPD: 21:30, 29.04.2020

Салты мен тілі басқа болса да, тілегі бір жандар ұлттық дәмін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше акция бастады.

Этно-мәдени бірлестік өкілдері өз ұлтына тән тағамды әзірлеу әдісін көрсетеді. Аспаздық акцияны алғаш болып дүңген этно-мәдени бірлестігі бастады. Бұл шара Қазақстан халқы бірлігі күніне арналып отыр. 

Қазақтың дастарханында ет тұрса, өзбектің қазанында палау пісіп жатады, ал грузиннің әйелі хачапури дайындайды.

Ұлттық тағамды дәріптеу шарасын алғаш болып бастаған дүнген ұлтының өкілі Муса Камалов лағман дайындау әдісімен бөлісті. Лағаманның бірнеше түрі бар. Тәжіктер өдерінше дайындайды, ал ұйғырлардың лағманы тіпті бөлек.

Муса Қамалов, дүнген этно-мәдени бірлестігінің өкілі:

– Лағман жасау үшін бірінші ет керек. Одан соң басқа да қоспаларды дайындаймыз.

Одан бөлек, түрлі дәмдеуіштер қосады. Ең бастысы, лағманның қамырын әбден илеп алған дұрыс. Муса бұл эстафетаны бауырлас ұлт өкілдеріне жолдады. Армян этно-мәдени бірлестігі бірден қабыл алып, ұлттық тағамын әзірледі. Жалпы Ассамблея бірлік мерекесіне орай бірнеше акция ұйымдастырды. Оның бірі – ұлттық музыкалық аспапты таныстыру шарасы. Оған тіпті Башқұр елінінің танымал әртісі Азат Бекчурин де үн қосты.

Ләззат Құсайынова, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі:

– Биыл төтенше жағдайға байланысты мерекелік шаралардың форматын онлайн режимге көшіріп, Ассамблеяның жұмысын жалғастырудамыз. Жұмыстың негізгі бағыттарына назар аударып отырмыз. Елордадағы Ассамблея құрамында 23 этно-мәдени бірлестік бар. Олардың барлығы еліміздің бірлігінің нығаюына өз үлесін қосып отыр.

Сөйтіп, Ассамблея мүшелері бірлік меркесін барынша мәнді тойлауға күш салып жатыр. Жылдағыдай көпшілікпен өтпесе де, онлай форматта тамашалауға әбден болады.

Авторы: Ақсәуле Байменшина

Хабар 24 телеарнасы