411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабардың» 10 күндік онлайн-дәрісі аяқталды

  • 108
  • UPD: 22:33, 29.04.2020

«Хабар» өз тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің арнаның белді қызметкерлері 10 күн бойы студенттерге онлайн-дәріс оқыды. Шеберлік сабақтары түрлі бағытты қамтыды. Ал шәкірттерді қызықтырған жанрлар қандай?

Келбеті келіскеннің барлығы экраннан көрініп қалуға тырысады. Көптің көз алдында жүргісі келеді. Бірақ сол көптің алдына шығып, сүбелі өз айтып, сүйекті мәселе қозғау үшін де білім мен тәжірибе керек.   

Онлайн-дәріс он күн өтті. Осы он күн бойы «Хабардың» белді қызметкерлері бар білгенін үйретті. Көргенін, көңілге түйгенін айтты. Студенттер ұйып тыңдады. Оларды бәрі қызықтырады. Жаңалыққа да жаны құмар, бағдарламаға да бүйрегі бұрып тұрады.   

Серікзат Дүйсенғазы, ЕҰУ телерадио және байланыс кафедрасының меңгерушісі:

– Жаңалықтар саласы, бағдарламаларды шығару саласы, спорт сынды басқа да салаларды қамтып, ең білікті журналистерді тарттық.

Онлайн-дәріске 500-ден астам студент қатысты. Олар танымал тележүргізушілердің, спорт комментаторларының, медиа басшылардың кеңесіне құлақ түрді.

Ринат Кертаев, «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

– «Зум» конференциясында өткен онлайн форматтағы сабақтардың берері мол болды деген ойдамыз. Қазір «Хабар» агенттігі де әлемнің көшбасшы телеарналары секілді карантинге байланысты жаңа кейстерді қалыптастырып,  жаңа форматта жұмыс істеп жатқан жағдайы бар. Мұның өзі үлкен тәжірибе болды деп ойлаймыз.

Жүре-бара буын алмасады. Сабақтастық болғанда ғана, салаға соны серпін алып келуге болады. Сондықтан «Хабар» агенттігі мен Еуразия Ұлттық университеті арасындағы байланыс беки бермек. Мұндай дәріс алда да ұйымдастырылады.

Авторы: Дастан Сейілханұлы

Хабар 24 телеарнасы